Қызылорда облысында ауруханадан 129 миллион теңге жымқырған бас есепші қамалды

326

Бас есепші медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.    

Қызылорда облысында ауруханадан 129 миллион теңге жымқырған бас есепші қамалды Фото: Видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғары бағаны көздеген күдікті, жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын қолданған.

Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған.

Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған. Яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған.

Осылайша, негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды.

Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.

Қазір бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу