Облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады

1537

Облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады

Облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады, деді Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі Қамбар Ахметов "Стратегия" пікірталас клубы барысында.

"Былтырғы жылы өңірлік газеттердің проблемалары аймақтық форумда көтерілді. Көп адамнан газеттердің пайдасының аздығы туралы хат келіп түсті. Облыстық газеттерді бәсекелестік ортаға жіберу керектігі айтылды. Аймақ  тұрғындары  республикалықтан бұрын, облыстық басылымнан ақпарат алады. Сондықтан, министрлік  бір облыста ақпараттық-саясат жүргізетін бір басылым керек деген есеппен  облыстық газеттерді мемлекеттің қарамағында қалдыруды жөн көрді. Себебі, қазір ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүруде, мәселен аймақтарда қалталы біреу газетті сатып алып, ол жақта қандай саясат жүргізетіні белгісіз. Сондықтан, облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады", - деді Қамбар Ахметов.

Қамбар Ахметов айтып өткендей, бүгінгі таңда заман  талабы бойынша басқа да ақпарат құралдары көбейген.

Ал, өңірде аталмыш мәселелер бойынша қандай қадам жасалып жатқандығы туралы "Өлке тынысы" ЖШС директор М.Жанәділов айтып өтті.

"Қазіргі таңда өңірлерде  проблемалар өте көп  деп айта алмаймыз. Қазір типография, пошта істері ақсаңдап тұр. Осылай жалғаса берсе, газеттер  жабылып қалуы мүмкін. Ал, газеттің тираждары көбейіп, мемлекеттік тапсырыс артып, ақпараттық қауіпсіздікті сақталса олардың  тағдыры   өміршең болады. Қазір өңірлердегі редакцияларда  50 адам жұмыс істейді, 25 адаммен нақты жұмыс істеуге болады. Алайда, қалған адамдарды қайда жібересің. Оның артында бір адамның тағдыры тұр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу