Облыстық ҚАЖД басшысының орынбасары пара алу үстінде ұсталды

2415

Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майоры парамен ұсталды.

Облыстық ҚАЖД басшысының орынбасары пара алу үстінде ұсталды

Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майоры пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесе отырып, Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майорын едәуір көлемде пара алу үстінде ұстады", – делінген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Ол өзіне бағынышты адамнан қызметі бойынша жалпы қамқорлық үшін айтарлықтай қомақты сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Күдікті ұсталып, Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Оның кінәсінің дәрежесін анықтайтын ақырғы шешімді сот қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу