Occidental Petroleum-дағы Berkshire инвестициялық компаниясының үлесі 25%-дан асты

290

Berkshire 26-28 маусым аралығында компанияның шамамен 2,14 миллион акциясын сатып алды.

Occidental Petroleum-дағы Berkshire инвестициялық компаниясының үлесі 25%-дан асты Фото: finversia

Америкалық миллиардер Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясы мұнай мен газ өндірумен айналысатын Occidental Petroleum-дағы үлесін арттыруды жалғастырды, деп жазады inbusiness.kz.

Berkshire 26-28 маусым аралығында компанияның шамамен 2,14 миллион акциясын жалпы сомасы 122,1 миллион долларға немесе әр қағаз үшін орташа есеппен 57 доллардан сатып алды.

Нәтижесінде Occidental-дағы инвестициялық фирманың үлесі 25,1%-ға жетті (224,1 миллион акция), оның құны 12,9 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды Barron's Berkshire есебіне сілтеме жасап.

Баффет өткен жылдың көктемінен бастап мұнай-газ компанияларындағы акциялар пакетін тұрақты түрде арттырып келеді.

Сәрсенбіде қосымша сауда-саттық кезінде Occidental акцияларының бағалары 0,3%-ға, сандық мәнде 57,46 долларға дейін өсті. 

Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы 8,8%-ға (51 миллиард долларға дейін) төмендеді, ал S&P 500 қор индексі 14%-ға көтерілгенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу