ОCК Құрылтай сайлауына қатысатын Respublica партиясының партиялық тізімін тіркеді

174

Кандидаттардың 70%-ы кәсіпкерлер.  

ОCК Құрылтай сайлауына қатысатын Respublica партиясының партиялық тізімін тіркеді Фото: election.gov.kz

Respublica партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді алғаш болып тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Комиссия партия ұсынған кандидаттардың Конституция талаптарына сәйкестігін растады және олардың аты-жөнін сайлау бюллетеніне енгізу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар партия мүшесі Сания Темірғалиеваның өз еркімен кандидатурасын қайтарып алу туралы өтініші қанағаттандырылды. Соның нәтижесінде Respublica партиясының тіркелген партиялық тізімінде 75 кандидат қалды. Тізімнің негізгі бөлігін бизнес қауымдастық өкілдері құрайды, кандидаттардың шамамен 70%-ы кәсіпкерлер.

Партия бастапқыда Орталық сайлау комиссиясына 76 кандидаттың құжатын тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу