Одақтас елдер қазақстандық компанияларды тендерлеріне кіргізбей отыр

551

ЕАЭО аясында Мемлекеттік сатып алу тендерлеріне саналы түрде кедергілер қойылған.

Одақтас елдер қазақстандық компанияларды тендерлеріне кіргізбей отыр

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік сатып алу тендерлері ішінара ғана ашық екенін мәселе етіп көтерді.

"Кейбір елдер ЕАЭО аясында қабылдаған міндеттемелерін орындамай отыр. Әрине, бұл мәселелердің бәрі күн тәртібіне енгізіліп, өзара шешімі қаралып жатыр. Соның бір жарқын мысалы ретінде мемлекеттік сатып алу нарығына біздің тауар мен қызмет ұсынушылардың қолы жете бермейтінін айтуға болады. Біз бұл мәселені жиі көтеріп жүрміз. Оның обьективті де, субьективті де себептері бар. Обьективті себеп ретінде процедуралардың әлі жетілмеуін, кейбір елде мелекеттік сатып алудың электронды форматы болмауын атауға болады. Субьективті себеп ретінде кейбір елдердің саналы түрде тауарларға жоғары талап қойылуы салдарынан біздің тауарлардың бәсекелік принциппен тендерлерге шыға алмай жатқанын айтуға болады. Бұл мәселе қазір белсенді талқыланып жатқанын айту керек. Жуықта көптеген тауар бойынша бірыңғай талаптар қабылдаймыз", - деді Жанель Күшікова.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу