Одесса облысында аза тұту күні жарияланды

771

Одесса облысында аза тұту күні жарияланды

Украинаның Одесса қаласындағы балалар лагерінде шыққан өрттен кейін жүздеген адам ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды 24.kz.

Олар жергілікті билікті "құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды" деп айыптап отыр. Ашынған жұрт мэрияны қоршауға алып, ғимаратқа басып кірмек болған. Алайда күштік құрылым өкілдері жолдарын бөгеп, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекке қараған түні "Виктория" балалар лагері аумағындағы ғимарат отқа оранды. Салдарынан 3 қыз бала қаза тауып, тағы екеуі жараланған. Төтенше жағдай кезінде өрт дабылы іске қосылмай қалған екен. Сондай-ақ мамандар жалынды сөндіруге келгенде лагерь аумағында су болмағанын айтады. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылуы мүмкін. Қайғылы оқиғадан кейін Одесса облысында аза тұту күні жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу