Одесса орталығы UNESCO бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді

476

Халықаралық ұйымның мәлімдемесінде бұл шешім - қала орталығының қайталанбас құндылығын әрі бүкіл адамзаттың оны қорғау міндетін мойындайтынының дәлелі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Одесса орталығы UNESCO бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді Фото: apa.az

"Біріншіден, қала бүкіл әлемдік мұраға жатады. Екіншіден оны қорғауға заңды негіз бар, өйткені дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенция бар, оған 194 мемлекет кіреді. Конвенцияға мүше барлық елдер әлемдік мұраны бұзбауға міндеттеледі", - ЮНЕСКО ның Бас директоры Одри Азуле.

Одессаға ерекше мәртебе берулі өткен қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский сұрады. БҰҰ-да шешім жеделдетілген рәсім бойынша қабылданды.

Ресей Федерациясының СІМ UNESCO шешімін саяси негізделген және қажетті сараптамамен расталмаған деп атады.

Одессаға берілген мәртебе қаладағы нысандарға зиян келтірілген жағдайда оны қорғау мен қалпына келтіру үшін күшейтілген техникалық әрі қаржылық халықаралық көмек сұрауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу