Одесса порты жұмысын тоқтатты

553

Херсон облысында екі адам ресейлік түңгі атыстардың құрбаны болды-бұл туралы облыс әкімшілігі хабарлады.  

Одесса порты жұмысын тоқтатты Фото: portnews.ru

Ресей әскерлері бір тәулік ішінде облыс аумағына 45 соққы — зымыран, артиллерия, миномет және танк зеңбіректерінен соққы бергені айтылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Украинаның мәліметтері бойынша, Херсонның өзінде атыс салдарынан тұрғын үйлер, перзентхана мен кафенің тас-талқаны шыққан.

Одесса порты жексенбіде жаппай әуе шабуылдарына байланысты жұмысын тоқтатты, нәтижесінде қала толығымен жарықсыз қалды. Дегенмен Киевте мұндай жағдай астықтың шығарылуына әсер етпейді деп мәлімдейді. "Астық мәмілесіне" қатысатын тағы екі порт толығымен болмаса да жұмысын жалғастыруда.

Мелитополь мэрі басып алынған қалаға зымыран соққыларының салдарынан 200-ге жуық ресейлік әскер қаза тауып, жараланғанын айтты. Ресейлік мәліметтерге сәйкес, зымырандар бейбіт тұрғындар келген қонақ үй кешеніне тиген. Екі адам қаза тапты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу