Одессада орыс тілін өңірлік мәртебеден айырды

1110

2012 жылы осы қалада орыс тіліне өңірлік мәртебе беру туралы заң қабылданған болатын.

Одессада орыс тілін өңірлік мәртебеден айырды

Украинаның Одесса қаласының әкімшілік соты орыс тілін өңірлік мәртебеден айырды. Бұл туралы қоғам қайраткері Святослав Литинский мәлім етті.
"Одесса қаласында орыс тілін енгізу жүзеге аспады",  – деп жазды Литинский өзінің Facebook-тегі парақшасында.

2012 жылы  осы қалада орыс тіліне өңірлік мәртебе беру туралы заң қабылданған болатын. Құжат бойынша өзге ұлт өкілдерінің үлесі 10%-дан асатын облыстары осындай ережеге бағынуы, яғни әр ұлттың тіліне арнайы мәртебе беруі тиіс болатын. Кейін бұл заң конституцияға қайшы деп танылды. 

Ескере кететін жайт, Украинада украин тілі жалғыз мемлекеттік тіл болып есептеледі. Бірақ конституция орыс және басқа да тілдердің дамуы мен қолданылуына кепіл береді.

Табиғат Нұрболат

Фото: sevastopol.su

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу