Одессадағы Ресей шабуылынан 5 адам қаза тапты

241

Украина билігінің мәліметі бойынша, Одессаға Ресей Федерациясының зымыран соққысынан кейін ауруханаларда зардап шеккен 23 адам емделіп жатыр, олардың сегізі ауыр жағдайда. 

Одессадағы Ресей шабуылынан 5 адам қаза тапты Фото: BBC

Одессаға ресейлік зымыран соққысынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Олег Кипер хабарламасына сілтеме жасап. 

"1960 жылы туған ер адам ауруханада қайтыс болды", - деп жазды ол Telegram арнасында.

Кипердің айтуынша, тағы 23 зардап шеккен адам ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Оның ішінде сегіз адамның жағдайы ауыр деп бағаланды, олардың арасындағы төртеуі  өте ауыр жағдайда жатыр. 

Ресей армиясы алдыңғы түнде Одессаға оқ жаудырды. Украина билігі хабарлағандай, соққы баллистикалық зымырандармен жасалды. Нәтижесінде тұрғын үйлер мен азаматтық инфрақұрылымға зақым келтірілді.

Соққыдан кейін теңіз жағалауында орналасқан Одесса заң академиясының Студенттер сарайы өртеніп кетті, оны жергілікті тұрғындар "Гарри Поттер сарайы" деп атайды. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, академия президенті Сергей Кивалов - украин саясаткері, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің жақтаушысы жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында Халықаралық гуманитарлық университеттің проректоры Борис Васильев бар.

30 сәуір Одесса мен облыста қаза тапқандар үшін аза тұту күні деп жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу