"Одан басқа жол жоқ": Депутат жастарды әскерге күштеп әкетуді қолдайтынын айтты

284

Отан алдындағы борышын өтеу – әр азаматтың борышы, міндеті, деді ол. 

"Одан басқа жол жоқ": Депутат жастарды әскерге күштеп әкетуді қолдайтынын айтты Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жастарды әскерге күштеп алып кету деректеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл тек Қазақстанда болып жатқан жағдай емес. Көршілес елдерде де бар. Оның үстіне соңғы геосаяси жағдайға байланысты армиямызды күшейту қажет. Одан басқа жол жоқ", - деді Абзал Құспан Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында. 

Осы ретте тілшілер Абзал Құспанның бозбалаларды күштеп әскерге алып кетуге қатысы нақты пікірін білген еді.

"Бозбалаларды әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын. Дұрыс деп есептеймін. Өйткені, Конституция бойынша Отан алдындағы борышын өтеу – әр азаматтың борышы, міндеті", - деді Мәжіліс депутаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу