ЕуроОдақ мемлекеттерінің қаржы министрлері салық есебі бойынша әріптестік орнатқысы келмейтін елдердің тізбесін бекітті. "Қара тізімге" 17 ел енгізілген. Олардың арасында Америкалық Самоа, Бахрейн, Барбадос, Гренада, Гуам, Макао, Маршалл аралдары, Моңғолия, Намибия, Біріккен Араб Әмірліктері, Палау, Панама, Сент-Люсия, Самоа, Оңтүстік Корея, Тунис, Тринидад және Тобаго бар. Олардың көбісінің заңнамасы офшор аймағын қамтиды. Бұдан басқа, салық ережелері еуроодақ стандарттарымен сәйкес келмейтін 47 елдің тізімі де жасалған. Мамандардың айтуынша алдағы уақытта ол қайта қаралмақ.
Валдис Домбровскис, ЕО-ның еуро және әлеуметтік диалог жөніндегі комиссары
"Дұрыс салық басқаруға көшкен елдердің бұл тізімнен шығуына толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ, уәдесінен тайқып, міндеттерін тиісті деңгейге атқара алмаған мемлекеттер "қара тізімге" ілігуі мүмкін. Яғни, тұраұқты мониторинг жүргізіледі".