Офтейк-келісімшарт пен офсеттік шарт пайдаланылады

1174

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов отандық өндірушілердің мүддесін қорғауға басымдық беріліп жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Офтейк-келісімшарт пен офсеттік шарт пайдаланылады

"Жергілікті қамту құралын қолдануға қатысты тиісті өзгеріс енгізілді. Халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, отандық өндірушілердің мүддесін қорғауға бағытталған 5 жаңа механизм әзірленді. "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасында "ел ішіндегі құндылық" ұғымы мен даму саясаты көзделген. Бұл ұғым халықаралық аренада танылған дүниежүзілік сауда ұйымының нормасына сай. Алдағы уақытта ірі жер қойнауын пайдаланушылар ел ішіндегі құндылықты дамытудың жеке бағдарламасын және отандық өндіріс тауарын сатып алуға көшу жоспарын қабылдайды", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, министрлік нарық субъектілерінің барлық сатып алуларына мониторинг жүргізеді. 

"Дайын өнімді өткізу және ішкі нарықты жаңа тауармен толықтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен офтейк-келісімшарттар, офсеттік шарттар пайдаланылады. Бұл ретте оффтейк-келісімшарттар өндірісті оқшаулауға және жаңа өндіріс орындарын ашуға, ал офсеттік шарттар технологиялық трансферт пен инвестиция тартуға бағытталады. Ұзақ мерзімді шарттар жұмыс істеп тұрған өндірістердің өнімін өткізуді қамтамасыз етеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу