Өгей әкесінің қолынан көз жұмған 4 жасар баланың ісіне қатысты тың дерек шықты

311

Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот қаралымы аяқталуға жақын. 

Өгей әкесінің қолынан көз жұмған 4 жасар баланың ісіне қатысты тың дерек шықты Фото: видео скриншот

Алматы қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан өгей әкесінің қолынан көз жұмған 4 жасар Хантөренің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Кішкентай Хантөренің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотта қаралу аяқталып қалды, оған сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша: бауырдың жарылуы, бауырдың езілуі, қан кету, жабық бас миының жарақаты, жұмсақ тіндердің қанауы, аш ішектің жарылуы, көгеру және өліммен аяқталатын денсаулыққа ауыр зиян ретінде сипатталатын басқа да заттар. Осындай жантүршігерлік қылмыс үшін ең әділ жаза тағайындалады деп сенеміз", - деді уәкіл. 

Сондай-ақ, тағы бір басты мәселе Хантөренің анасын жауапқа тарту қарастырылады.

"Сот отырысында балабақшадағы бейнебақылау камералары да көрсетілді. Көзге жас алмай қарау мүмкін емес. Жазбаларда Хантөре үстел басында отырып, басын үстелге төмен түсіріп, ыңырсып, үстелде қан құсып жатқаны (соққыдан кейін) көрсетілген. Жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жедел жәрдемге хабарлау мүмкіндігі болған кездің босқа кеткені-ай. Сонымен қатар, бұл балабақша рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген және балабақша басшысы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Алайда қызметкерлердің денсаулық сақтау мекемелеріне неге хабар бермегені, жедел жәрдем шақырмағаны әлі түсініксіз. Прокуратураға хат жолдап жатырмыз", - деп жазды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу