"Өгей қызын ыстық суға күйдірген": Баланы асырап алған шешесі жауап берді

770

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

"Өгей қызын ыстық суға күйдірген": Баланы асырап алған шешесі жауап берді Фото: бейнеден скриншот

Қызды асырап алған шешесі жауап берді "Анам ыстық сумен күйдіріп, ұрып-соқты" деген тоғыз жастағы қыздың видеосына қатысты асырап алған шешесі жауап берді. 

Айтуынша, жеткіншекті бұрынғы әріптестерінің бірі жалған сөйлеткізіп, бейнекамераға жазып алған. Өзі асырауындағы қызға "қол ұшын тигізбедім" дейді. 

Тоғыз жастағы Раминаны асырап алған әйел Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылындағы мектептің бірінде география пәнінен сабақ береді. 

"Ыстық суға күйдірген болсам денесі көлдіреп тұрмай ма? Құлағындағы жара мен шашының түсіп қалуы теміреткімен ауырғанынан. Ал оның ұрды-соқты деп зудыратқанына тоқталсақ, оған біреудің жаттатқызғанын көруге болады", – деп ақталады қыздың асыраушысы Айдам Ниязова.

Бірақ көптің жағасын ұстатқан жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу