"Өгей қызын зорлаған" деп айыпталған ер адам 20 жылға сотталды

193

Айыпталушының әйелі сот шешімімен не үшін келіспейді?

"Өгей қызын зорлаған" деп айыпталған ер адам 20 жылға сотталды Фото: aikyn.kz

Қарағандыда Евгений Кулагин есімді азаматқа "12 жасар өгей қызына зорлық көрсетті" деген айып тағылған болатын. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты оны 20 жылға бас бостандығынан ауыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда, оның жұбайы мен қорғаушылары бұл айыптаулардың негізсіз екенін айтып, сот шешіміне шағым түсірді.

"Евгений Кулагиннің өгей қызы оны үй жұмыстарына мәжбүрлегені үшін биологиялық әкесінің кеңесімен жалған айып тағуға мәжбүр болғанын мойындаған. Бастапқыда жүргізілген сараптамалар зорлық белгілерін растаған жоқ. Алайда, полицияның талабымен қосымша сараптамалар жүргізіліп, бұл жолы зорлық белгілері анықталды деген қорытынды жасалған", – деп жазылған "Патриот" Telegram арнасындағы материалда.

Сотталған азаматтың жұбайы Юлия айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Іс материалдарына қосылған киімдер біздің қызымыздікі емес. Ондай киім бізде мүлде болмаған", – дейді ол.

Евгений Кулагиннің адвокаты Илья Махлов қыздың алғашқы күні-ақ айыптаулардан бас тартқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, адвокат тергеу барысында заңбұзушылықтар болғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу