Өгей қызын зорлаған Талдықорған тұрғыны 20 жылға сотталды

699

Талдықорғанда өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды, – деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өгей қызын зорлаған Талдықорған тұрғыны 20 жылға сотталды

Өзінің 13 жастағы өгей қызын қорлады деп айыпталған 49 жастағы ер адамға үкім шығарылды. Баланың өгей әкесі тарапынан бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды.

Мәслені өткен жылдың қараша айында жәбірленуші қыздың мектеп мұғалімдері көтерген. Сонымақ қатар әлеуметтік желілердегі парақшасында бала өгей әкесі тарапынан жасалған зорлық-зомбылық әрекеттерге байланысты суицид жасағысы келетіні туралы ақпарат жариялаған.

Қыздың анасы бірден мұғалімдермен сөйлесіп, полицияға ресми арызбен жүгінген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, қамаққа алынған.

"49 жастағы ер адамның 2002 жылы Атырау облысында осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемесінде өтегені анықталды. Күдіктінің аталған бап бойынша соттылығы туралы жұбайы білмеген. Тергеу барысында күдіктінің қызды бірнеше рет қорлағаны дәлелденді. Жыныстық зорлық-зомбылық баланың 8-9 жасынан басталғаны анықталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді", – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

Сот шешімімен айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам жазасын төтенше қауiпсiздiк түзеу мекемесiнде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу