"Өгей шеше өгейлігін көрсетеді": Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты

3777

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы блогер, кәсіпкер Гүлеркем Ниязқұлова өнер иесінің екінші әйеліне қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өгей шеше өгейлігін көрсетеді": Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты Фото: @niyazkulova_erke

"Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды. Өгей шеше өгейлігін көрсетеді", – деп жатады көпшілік. Ол рас, өз анаңның орнын ешкім де баса алмайды. Дәл солай ойлап, мен де апаны екі жыл қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ әкеміздің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау-мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді... "Апаңмен қарым-қатынастарың қалай?" деген жандарға дәл осы видео қысқаша жауап болсын", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Абай Бегейдің бірінші жұбайы жүрек талмасынан көз жұмған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу