Оғыз Доған енді Qazkom-мен соттаспақ

1058

Оғыз Доған енді Qazkom-мен соттаспақ

Түрік журналисі Оғыз Доған Астанадағы Qazkom банкінің бөлімшесімен соттаспақ, деп хабарлайды Today.kz. 

Оғыз Доған 25-сәуірде аталған банк бөлімшесіне есепшот ашу үшін келген. Қалаған қызметін мемлекеттік тілде ала алмаған Оғыз, қызметкерлерден қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен. Қызметкерлер одан бейнежазбаға түсіріп жатқан телефонды алып тастауды сұраған. 

Тіпті бөлімше бастығы да Оғызбен мемлекеттік тілде сөйлеспепті. Ал бөлімше күзетшісі Оғызды итеріп, есіктен сыртқа шығарып жібереді. 

Еске салсақ, Оғыз Доған бұған дейін Air Astana әуе компаниясының қызметкерлерін қазақ тілінде сөйлемегені үшін сотқа беріп, сотта жеңіп шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу