"Охотзоопромның" былықтары әшкереленді

747

Жауапты лауазымды тұлғалардың да, қатардағы қызметкерлердің де тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталған. 

"Охотзоопромның" былықтары әшкереленді

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Охотзоопром" қызметіндегі құқық бұзушылық фактілеріне жүргізілген тексеру нәтижесін жария етті, деп хабарлайды Atameken Business.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, жауапты лауазымды тұлғалардың да, қатардағы қызметкерлердің де тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда қызметтік қаруды заңсыз пайдалану, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін заңсыз ұстау, қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактілері тіркелді.

Кәсіпорын инспекторларының өздерінің бақылауындағы аумақтарда браконьерлікке барғандары анықталған. Мысалы, 2018 жылдың 17-21 мамыры аралығында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында атылған 147 киік өлексесі табылған еді. Жедел шараларды жүргізу барысында аталған қылмысты жасау күдігімен 6  адам ұсталса, олардың 2-еуі "Охотзоопром" инспекторы болып шықты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жалпы былтырғы жыл бойынша, кәсіпорын инспекторлары тарапынан табиғатты қорғау заңнамасының 289 рет бұзылғаны анықталған. Оның 235-і әкімшілік құқық бұзушылық болса, 154-і қылмыстық іс саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу