Ойқарағай кенішінен биыл 35 мың тонна көмір алынды

2595

Кен орнының басшылығы сапасы жағынан Шұбаркөл көмірінен ешбір кем түспейтін, бағасы көпшілікке қолжетімді (1 тоннасы - 7500 тг).

Ойқарағай кенішінен биыл 35 мың тонна көмір алынды

Алматы облысының Сарыбастау ауылдық округінің аумағына кіретін Ойқарағай кенішінен биыл 35 мың тонна көмір қазылып алынды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кен орнының басшылығы сапасы жағынан Шұбаркөл көмірінен ешбір кем түспейтін, бағасы көпшілікке қолжетімді (1 тоннасы - 7500 тг) көмірдің көлемін сұранысқа байланысты арттыруға толықтай мүмкіндік бар екенін айтады.

"Райымбек ауданы қысқы жылыту маусымына толықтай дайын. Аудандағы 11 ауылдық округтегі әлеуметтік және өзге де нысандар сұйық, қатты отынмен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілген. Ауданымызда Ойқарағай кен орнының орналасуы біз үшін өте тиімді. Өткен жылдары тұрғындарымыз қатты отыннан еш қиындық көрген жоқ. Ойқарағайдың көмірін облыстың аудандарынан өзге Оңтүстік Қазақстан облысына да тасымалдап жатқан азаматтар бар", - дейді аудан әкімі Жолан Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу