Ойыққа түсіп кеткен автобустың орны шамамен табылды, бірақ сыртқа шығарылған жоқ

369

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобустың жатқан жері шамамен анықталды.  

Ойыққа түсіп кеткен автобустың орны шамамен табылды, бірақ сыртқа шығарылған жоқ Фото: arbatmedia.kz

Мамандар геологиялық радармен сканерлеу барысында техниканың 5 метр тереңдікте жатуы мүмкін екенін айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

"Мамандар арнайы сканермен ойық түбіне түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады. Автобус сол жерде болуы мүмкін. Ойық шетіндегі топырақтар әлі сусылдап, төмен сырғып жатыр" деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу