Ойыл өзенінде 5 тонна балық қырылды

1021

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына тиісті мемлекеттік органнан құрылған комиссия мүшелері жіберілді.   

Ойыл өзенінде 5 тонна балық қырылды

Батыс Қазақстанда тағы 5 тонна балық қырылды. Бұл жолы оқиға Ойыл өзенінде тіркелген. Екі күннен бері әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоны жауапты орган растап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына тиісті мемлекеттік органнан құрылған комиссия мүшелері жіберілді. Әзірге балықтың неден қырылғаны белгісіз. Алдын ала болжам  бойынша су астында оттегінің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. 

Айта кетсек, өзеннен 100 шақырым жерде мұнай компаниясы жұмыс істеуде, сондай-ақ 25 шақырымдай қашықтықта геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу