Ойын алаңында ұйықтап қалған курьер туралы видео қазақстандықтарды сүйсіндірді

115

Бейнежазба 6,6 миллион қаралым жинаған.  

Ойын алаңында ұйықтап қалған курьер туралы видео қазақстандықтарды сүйсіндірді Фото: бейнежазбадан

Алматыда даладағы ойын алаңында ұйықтап қалған курьер туралы оқиға желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дана Нукеева есімді желі қолданушысы жариялаған бейнежазба Алматыдағы аулалардың бірінде түсірілген. Белгілі болғандай, курьер балалар алаңындағы орындықтардың бірінде ұйықтап қалған. Видео авторы курьерге арнап тамаққа тапсырыс беруді ұйғарған.  Осылайша ол бейтаныс жанға қуаныш сыйлағысы келген. 

Бейнежазба Instagram желісінде 6,6 миллион қаралым жинады. Желі қолданушылары 10,3 мың пікір қалдырып, 400 мың лүпіл басқан. 

"Бұл менің қандай мейірімді екенімді көрсету үшін жасалған Reels емес. Келесі жолы жылы көлігімде отырып, асығып бара жатқан курьерге ашуланғым келгенде, осы ойын алаңындағы орындықта ұйықтап жатқан жігітті есіме түсіргім келеді. Қазан айы, түн ортасы, дала суық. Мен мұндай жағдайда ұйықтай алмас едім. Бәлкім, сіз де", – деп жазды Дана Нукеева.

Бұл видео көптеген адамның жүрегін елжіретті. Олар жазба астына "Мейірімділік әлемді құтқарады", "Сізге көп рақмет", "Көзіме жас келді", "Жасаған жақсылығыңыз өзіңізге еселеніп қайтсын", "Ол да біреудің баласы ғой" деп жарыса жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу