Ойын автоматтары жойылды

1831

Ойын автоматтары жойылды

Өскеменде ойын автоматтары жойылды. Құрылғыларды облыс орталығындағы дүкендер мен дәмханаларға қарағандылық азамат заңсыз орнатқан болып шықты. Ал осы уақытқа дейін құрылғылар лотереялық терминалдар есебінде тұрып, 5 ай бойы жұмыс істеген. Оған ақша құйып онысын еселеп алғысы келгендерге ешқандай түбіртек берілмегені белгілі болды. Сондай-ақ, заңсыз істі бастаған қарағандылық тұрғын жұмысқа жергілікті азаматтарды жалдағаны да анықталды. Олар ойын автоматтарын орнатып, жиналған қаражатты терминал иесінің есеп шотына аударып отырған. Осы әрекеті үшін қылмыстық топтың мүшелері шартты түрде 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ал заңсыз бизнестен өндірілген қаражат мемлекет бюджетіне жіберілді.

Ләйлә Ысқақова, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеушісі:

"Сонымен қатар, заңсыз ойын бизнесі үшін ғимараттарын, кафелерін жалға беретін кәсіпкерлерді ескерткіміз келеді. Себебі ҚР қылмыстық кодексі бойынша олардың да жауапкершілігі көзделген. Яғни, 307-ші бап бойынша 2000 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін, сонымен қатар, 2 жылға бас бостандығын шектеу, 2 жылға дейін бас бостандығын айыру көзделген".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу