Қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
"Іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді. Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған", – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, "Ойын бизнесі туралы" Заңға сәйкес, казино мен ойын автомат залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде рұқсат.