Ойын бизнесінде 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді

202

Елімізде 6 казино бар.  

Ойын бизнесінде 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді Фото: freepik

Бұдан бөлек 3 ойын автоматтары залы және 8 букмекерлік кеңсе жұмыс істейді. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 казино, 3 ойын автоматтары залы және 8 букмекерлік кеңсе жұмыс істейді. Онда 5 мыңға жуық адам қызмет етеді. 2023 жылдың басынан министрліктің талап-арыздары бойынша сот шешімдері негізінде заң бұзушылықтарға байланысты 14 букмекерлік кеңсенің, 8 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залы қызметі тоқтатылды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспардан тыс және жоспарлы тексерулер Қонаев қаласындағы 4 букмекерлік кеңсе мен 2 ойын автоматтары залы бойынша, сондай-ақ жоспардан тыс лотерея операторын тексеруі жүргізілді", - деді ведомство өкілі.

Оның дерегінше, 1 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып, 2 ойын автоматтары залы мен лотерея операторына 8 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Айта кету керек, осыған дейін құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу