Перу футболшысы Хосе Уго Де ла Круз Меза Уанкайодағы матч кезінде найзағай соғып қайтыс болды. Бұл туралы Marca жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Испандық басылымның хабарлауынша, төтенше жағдай "Ювентуд Беллависта" мен "Фамилия Чиокко" клубтарының кездесуі кезінде болған. Матчтың 23-минутында екі команданың ойыншылары дауылдың күшеюіне байланысты алаңнан шығып бара жатқанда қорғаушы Де ла Крус Мезаға найзағай түсіп, мерт болды.
Найзағай түскен кезде оның қасында болған қақпашыны қатты күйік шалғанымен, спортшы аман қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу