Ойын клубына ойыншық мылтықпен шабуыл жасаған азамат бес жылға сотталды

670

Қарағандыда ойын клубына ойыншық тапаншамен шабуыл жасап, төрт миллион теңгеге жуық ақшаны тонап кеткен жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты. 

Ойын клубына ойыншық мылтықпен шабуыл жасаған азамат бес жылға сотталды Фото: Ранак

Сотталған азамат бұл мекеменің тұрақты клиенті болған. Оқиға болған күні ол туысының көлігін сатып, түскен ақшаны бермей, ойын клубына барған. Ол ойынқұмар болған. Сол күні ол көліктен түскен үш миллионды түгел ұтқызып жіберген.

Ұтылғаннан кейін көп ұзамай ол мекемеге қайта келіп, қызметкерлерді қарумен қорқытып, шабуыл жасаған. Кейін қаруы ойыншық екені белгілі болды. Алайда қылмыскер муляждың көмегімен кассадағы 3,9 миллион теңгені алып, қашып кеткен.

Полицейлер қылмыскерді тез арада қолға түсірді. Қазыбек би аудандық сотының үкімімен сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса ол ойын клубына 3 миллион 900 мың теңгені қайтарып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу