Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелерге баруға рұқсат жоқ

1067

Діни мекемелер де әзірге ашылмайтын болды. 

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелерге баруға рұқсат жоқ

Карантин тағы ұзартылды. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағанбетова жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Құжатқа сәйкес, шетелден келген әр азамат екі күнге карантиндік стационарға жатқызылады. Ал, дипломаттар мен оның отбасы мүшелері індетке қарсы тексеруден кейін он төрт күн бойы үйінде болуға тиіс.

Бұл ауысыммен жұмыс істейтін Теңіз кенішінің қызметкерлеріне де қатысты. Ал ел ішінде адам көп жиналатын спорттық-мәдени шараларды өткізуге әлі де тыйым салынған. Сондай-ақ отбасылық мерекелерге де шектеу қойылып отыр. Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелерге баруға рұқсат жоқ. Діни мекемелер де әзірге ашылмайтын болды. Әскерге шақырылғандардан міндетті түрде коронавирусқа қарсы сынама алынады. Бір аптада індетті жұқтырғандар көлемі 7 пайыздан аспаса, онда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу