"Ойында не жүргенін білмейміз": Вице-министр зорлыққа күдікті полиция басшысы туралы айтты

712

Оның жауапкершілігі тергеу амалдары мен сот шешімі нәтижесінде анықталады.

"Ойында не жүргенін білмейміз": Вице-министр зорлыққа күдікті полиция басшысы туралы айтты Фото: gov.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорған полициясының басшысына қатысты істің тергеу барысын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған іс бойынша тексеру жасалды. Кеше Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты шешім жарияланды. Бұл оқиға бойынша ұятты жағдай анықталды, оны мойындау керек. Күдікті полицейдің ойында не жүргенін біле алмаймыз. Осыған дейін тексерістен талай өткен болатын, яғни біраздан бері қызметте жүрген адам. Бірақ осындай теріс әрекеті анықталып жатыр. Оның жауапкершілігі тергеу амалдары мен сот шешімі нәтижесінде анықталады", деді М. Қожаев.

Сондай-ақ, ол тиісті тексеріс барысында күдікті қызмет барысында қарамағындағы қызметкерлерді балағаттағанын да атап өтті.

"Сол оқиға кезінде оның лауазымы төмендетілген еді. Одан кейін қызметін атқара келе, мына лауазымына тағайындалған", деді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу