Ойынқұмар 11 әскери жұмыстан шығарылды

357

Оның ішінде офицерлер де бар.

Ойынқұмар 11 әскери жұмыстан шығарылды Фото: Ашық дереккөзден

Бәс тігіп, құмар ойынын ойнаған 11 әскери жұмыстан шығарылды. Оның ішінде офицерлер де бар. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрінің орынбасары айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жұмыстан шығарылғандардың бәрі  бәс тіккені туралы жарты жыл өтпей жатып әшкереленгендер екен. Ал алты айдан кейін ойынқұмарлығы анықталғандарға басқа тәртіптік шаралар қарастырылады. Қорғаныс министрлігінің өкілдері лудомания дертіне шалдыққандар 1 жылдық борышын өтеуге барғандар арасында жоқтың қасы деп отыр. Депутаттар болса сарбаздардың көбі барлық проблемасын әскерге бірге апаратынына сенімді. Оның арты келеңсіз жағдайларға ұрындыру мүмкін екенін ескерген мәжілісмендер "ойынқұмар жастарды қарулы күштер сабына алмау керек"- деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу