Болжам бойынша, жас жігіт Free Fire ойнай берген соң үйдегілер оның ұялы телефонын алып қойған.
Ашуға булыққан жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.
Астана қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады.
"Күдікті – 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр", – делінген полиция мәліметінде.