Ойыншық емес: Павлодар облысында 15 жастағы жасөспірім мотоцикл мінген

357

Полиция тіркеусіз мотоцикл тізгіндеген 15 жастағы баланы тоқтатып, ата-анасына шара қолданды.  

Ойыншық емес: Павлодар облысында 15 жастағы жасөспірім мотоцикл мінген Фото: ЖИ

Павлодар облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың мотокөлік құралдарын басқаруына қатысты тағы бір құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Ертіс ауылында тіркелді. Патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ "Sonlink" маркалы мотоциклді тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгінінде 15 жастағы жасөспірім отырғаны белгілі болды.

Осыған байланысты кәмелетке толмаған жүргізушінің заңды өкіліне қатысты баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жыл басынан бері Ертіс ауданында осындай құқық бұзушылықтарға жол берген төрт ата-анаға ресми ескерту жасалған.

– Балаларға электроскутерлер, мопедтер, мотоциклдер және қуаты жоғары жеке мобильділік құралдарын сатып аларда жауапкершілікті ұмытпау қажет. Жүргізуші куәлігі мен басқару дағдылары жоқ жасөспірімдердің жалпыға ортақ жолдарға шығуы ауыр жол-көлік оқиғаларына және баланың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Төлеген Алпысбаев.

Полиция ата-аналарға балалардың мотокөлік құралдары мен қуаты жоғары жеке мобильділік құралдарын басқаруына жол бермеу қажеттігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу