Ойыншық өндіретін ірі компания Қытайдан кетеді

1194

Сауда соғысы ойыншық өндірісіне біраз өзгеріс енгізді.

Ойыншық өндіретін ірі компания Қытайдан кетеді

Ойыншық жасайтын Hasbro компаниясы қытайлық зауыттардан кетіп, жұмысын Вьетнам және Үндістанда жалғастырмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі Hasbro компаниясын стратегияны өзгертіп, осындай қадам жасауға мәжбүрлеп отыр. Бұл дегеніңіз Қытай зауыттарына бұрыннан тәуелді әлемдік трансұлттық компаниялар өндірісінде елеулі өзгерістердің орын алып жатқанын білдіреді.

Frozen және Avengers ойыншықтарын жасайтын компания өкілдерінің айтуынша, Қытайда жасалған АҚШ тауарлары 2020 жылдың соңына дейін 50 пайызға азаяды.

Hasbro-ның бас директоры Брайан Голднер: "енді біздің өнімдер жаңа өңірлерде жасалынады,  біз бара жатқан елдерде жұмыс істеу көңілімізден шығады деп үміттенемін",– деді.

Дегенмен Голднер Қытай елі компанияның серіктесі болып қалатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Қытай арзан әрі сапалы ойыншық жасауға мүмкіндік беретін өндіріс орны саналады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу