"Оқ-дәрі таусылып қалған": Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі айтылды

2588

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтың артында қызметтік келіспеушіліктерге негізделген қасақана қылмыстық ниет тұрғаны белгілі болды.

"Оқ-дәрі таусылып қалған": Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі айтылды Фото: Жеке парақшасынан / gov.kz

Бұл туралы алдын ала сот тыңдалымында айыптау актісінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының құрылыс нысандарын бақылау бөлімінің басшысы А.М. Кенжебеков айыпталушы Е.Ж. Жиембайға телефон арқылы хабарласып, қала әкімінің орынбасары Р.А. Берденовтің нұсқауы бойынша "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш жазуға мәжбүр екенін айтқан.

Айыптау тарапының мәлімдеуінше, дәл осы әңгімеден кейін Е. Жиембайда қылмыстық ниет пайда болған.

21 сәуір күні – шабуыл жасалған күні – айыпталушы қала әкімдігі ғимаратына жұбайына тиесілі "Hyundai Tucson" көлігімен келген.

Көліктің жүк салғышында "Сайгак" маркалы аңшы мылтығы болған. Ол бұған дейін ішімдік сатып алып, оны көлік салонында ішкен.

Р. Берденовтің әкімдік ғимаратынан шығуын күтіп тұрған Е. Жиембай оған қарай 5 рет оқ атқан.

Жәбірленуші жерге құлаған сәтте, айыпталушы жақындап барып, бақылау үшін соңғы оқты атпақ болған. Алайда мылтықтағы оқ-дәрі таусылып қалғандықтан, бұл әрекетін жүзеге асыра алмаған.

Сол кезде жүргізуші әрекет етіп, қайғылы жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу