"Оқ-дәріні Қырғызстанның Қой-Таш елдімекеніне дейін жеткізіп береміз"

1275

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Оқ-дәріні Қырғызстанның Қой-Таш елдімекеніне дейін жеткізіп береміз"

"Келісім қырғыз тарапына әскери мүлікті, атап айтқанда, оқ-дәрілер мен арнайы жабдықты бір рет беруді көздейді. Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қырғыз Республикасының Қой-Таш елді мекеніне дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етіп, оған байланысты барлық шығысты өзі көтереді", – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев. 

Оның айтуынша, Қырғызстан Қазақстаннан алған әскери мүлікті, оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді. 

Сондай-ақ Руслан Шпекбаев көмек көрсету Қазақстанның өзінің жауынгерлік әзірлігі мен қоғаныс қабілетіне ықпал етпейді деп сендіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу