Өкілдер палатасы Трампқа қарсы импичмент жариялады

824

Ақ үй жетекшісіне қызметін асыра пайдаланды және Конституция талаптарын өрескел бұзды деген айып тағылды. 

Өкілдер палатасы Трампқа қарсы импичмент жариялады Фото: reuters.com

АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы Трампқа импичмент жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Дауыс беру нәтижесінде Палатаның 230 мүшесі осы шешімді қолдап, 197-ісі қарсы шыққан. Оның ішінде 2 демократ та бар.

Ақ үй жетекшісіне қызметін асыра пайдаланды және Конституция талаптарын өрескел бұзды деген айып тағылды. Мәселе Украинаға қатысты.

Нэнси Пелосидің мәлімдеуінше, Трамп Конгресс мақұлдаған әскери көмекті әдейі кешіктіріп, Зеленскиймен кездескенде өзінің басты қарсыласы Байден ісіне қатысты тергеу жүргізуді талап еткен. Енді бұл мәселені қаңтар айында сенаторлар қарайды. Олар Трампты жақтаса, Президент орнында қалады. Егер олардың үштен екісі импичмент жариялауды құптаса, АҚШ-ты қазіргі вице-президент Майк Пенс уақытша басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу