Өкілеттігі тоқтатылған үш депутат жаңа қызметке тағайындалды

605

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы тағайындалды.   

Өкілеттігі тоқтатылған үш депутат жаңа қызметке тағайындалды

Мәжілістің жалпы отырысында Айзада Құрманова, Нұрлан Дулатбековтың және Нұрлан Әбдіровтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқату туралы қаулы қабылданды. Аталған депутаттардың ішінде Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалса, Нұрлан Дулатбеков Қарағанды мемлекеттік университеті ректоры, ал Нұрлан Әбдіров Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды. Осы ретте Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы лауазымына Қанат Мусинді тағайындады. 

"ҚР комитеттері мен мен комиссиялары туралы заңына сәйкес комитет төрағасын палата төрағасы ұсынады. Сондықтан аталған заңның 8 бабына сәйкес Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы лауазымына депутат Қанат Мусиннің кандидатурасын ұсынамын", – деді Парламент мәжілісінің төрағасы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу