ӨКМ Операторы 230 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тендер жариялады

783

Сатып алу лоттары Mp.kz электронды сауда алаңында ұсынылатын болады.

ӨКМ Операторы 230 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тендер жариялады

ӨКМ Операторы Қазақстанда автокомпонент және қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу сондай-ақ залалсыздандыру бойынша Mp.kz электронды сауда алаңында тендер жариялады. "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қызметке 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.

"Тендер 232 мың тоннадан астам қалдықты жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша ойнатылады. Оның ішінде 35 мың тонна тозған шинаға, 40 мың тонна пайдаланылған майға, 20 мың тонна ескі аккумулятор батареяларына, 7 мың тонна антифриз қалдығына, сондай-ақ 130 мың тоннадан  астам қаптама қалдықтарын қайта өңдеу қарастырылып отыр. Тендерге қатысуға тапсырыс 2020 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Қорытынды ақпан айының соңында жарияланады",– делінген хабарламада.

ӨКМ Операторы өткізетін сатып алу лоттары Mp.kz электронды сауда алаңында ұсынылатын болады. Осы жүйедегі сауда-саттық мемлекеттік сатып алу порталындағы сияқты жүргізіледі. Электронды сауда-саттықтың жеңімпазы автоматтандырылған жүйе арқылы анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу