"ӨКМ Операторы" ісі: Айыпталушының адвокаты Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады

2354

Әлия Назарбаевадан "ӨКМ Операторы" ісі мен 13 миллиард теңгені жымқыру бойынша жауап алуды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ӨКМ Операторы" ісі: Айыпталушының адвокаты Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады Фото: Көкшетау Азия

Астанада 6 сәуірде "ӨКМ Операторының" қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Айыпталушылардың адвокаттары бұл іс бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады.

Айыпталушылар арасында бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және "ӨКМ Операторы" экс-бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко бар. Қазір алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр.

Адвокат Коротенко соттан экс-президенттің кіші қызынан - ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдаған компанияның нақты құрылтайшысы ретінде жауап алуды сұрайды.

"Осы іс бойынша Назарбаеваның зауыты бар. Ол заңсыз ақшаға салынғандықтан тәркіленуі мүмкін. Ол (Назарбаева - ред.) бізбен ешқандай жағдайда, ешқандай негізде жұмыс істемейді. Біз одан бірнеше рет жауап алуды сұрадық. Бұл оның мүлкі", - дейді адвокат. 

Айта кетелік, құжаттарға сәйкес, "ӨКМ Операторы" негізін қалаушы Назарбаеваның бұрынғы хатшысы Шнар Мұқтарова болған. Ал қазір Мұқтароваға іздеу жарияланды, оның қайда екені туралы мәлімет үшін 12 миллион теңге уәде етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу