"ӨКМ операторы" утилизациялық алымнан 692 млрд теңге пайда тапқан

1377

Компания 49,1 млрд теңге көлемінде салық төлеген.

"ӨКМ операторы" утилизациялық алымнан 692 млрд теңге пайда тапқан

5 жылда "Оператор РОП" ЖШС-ға утилизациялық алым түрінде түрінде түскен қаражат көлемі – 691,9 млрд теңге. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2016 жылдан бүгінгі күнге дейін кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңге болды. Алынған қаражат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмсалды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаты қайтарылды", – деді министр.

Оның айтуынша, компания экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд теңге, салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсаған.

"Бүгінде қаражат қалдығы – екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңге", – деді Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, кеше Президент "Оператор РОП" ЖШС-ға утилизациялық алым ставкаларын қайта қарауды тапсырған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу