"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

680

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. 

"Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 млн теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова күдікке ілікті. Оған іздеу жарияланды және сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп хабарлады агенттік.

Егер сізде ол туралы ақпарат болса, агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424, +7 (7172) 909 260

"Іздестіріліп жатқан адамның қайда екені туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу