ОҚО агросаланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды қолға алды

582

ОҚО агросаланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды қолға алды

Оңтүстік Қазақстан облысы агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды. Осы мақсатта өңірге Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов бастаған 50-ге жуық ғалым мен профессор арнайы келіп, семинар кеңес өткізді. Ондағы мақсат – ғалымдардың инновациялық жобаларын ауыл шаруашылығы саласына енгізу, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынды жүргізіп отырған ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев қонақтарға алғысын білдіріп, өңірдегі ауыл шаруашылығының әлеуетімен таныстырды.

"Соңғы бес жылда облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2 есе ұлғайып, 445 млрд теңгеге жетті. Республикадағы шаққандағы үлесі 12,3 пайызға жетіп отыр. Бүгінде елімізде ауыл шаурашылығы өнімдерінің 40 пайызы шетелдерден экспортталады. Бұл мәселені шешудің тиімді жолы – агросаланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту болып отыр. Сондықтан ғалымдарымыздың оңтүстік өңірдегі іссапарының маңызы зор", – дейді Жақып Құттыбекұлы.

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов екі жақты ынтымақтастықта жұмыс ітеуге мұрындық болған өңір басшылығына алғысын білдіріп, ғалымдарды инновациялық жобаларды бірігіп іске асыруға шақырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуда ғылымның қосар үлесі мол болатынына да тоқталды.

"Елбасымыз биылғы Жолдауында "Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек" деген болатын. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен университетіміздің арасында екі жақты ынтымақтастық жөнінде мемарандумға қол қойылған болатын. Ондағы мақсат – осы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын ғылыми негізде дамытып, бірқатар саладағы жаңашыл инновациялық идеяларды іске асыруға мүмкіндік тумақ", – дейді Тілектес Есболов.

Семинар кеңесте Оңтүстікке арнайы келген ғалымдар мал шаруашылығы, ветеринария, бақша дақылдары, көкөніс пен жеміс-жидек, жылыжай шаруашылықтарын дамытуға арналған инновациялық жобалармен таныстырып, олардың маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, Аграралық университеттен келген ғалымдар кесте бойынша әр ауданға бөлініп, түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу