ОҚО әкімдігі Ресейдің ірі сауда кешенімен әріптестікті арттырмақ

828

ОҚО әкімдігі Ресейдің ірі сауда кешенімен әріптестікті арттырмақ

Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Ресей елінің "Фудсиб" көтерме және бөлшек сауда кешенінің инвесторы Дмитрий Терешков бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында  тараптар ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін экспорттау жайын сөз етіп, тауар өндірушілерге қолдау мен кешенді қызмет көрсету жайын сөз етті.

"Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытып, өзара ынтымақтастықты арттыра түседі деп сенемін. "Фудсиб" көтерме және бөлшек сауда кешенінің әлеуетін оңтүстікқазақстандық тауар өндірушілер тиімді пайдалану мақсатында  бірқатар маңызды мәселелерді талқылайтын боламыз. Бұл кездесу екіжаққа да тиімді болатынына сенімім мол",  - деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Жалпы аумағы 80 мың шаршы метрді құрайтын "Фудсиб" көтерме және бөлшек сауда кешені Ресейдің Новосібір қаласында орналасқан.  Сауда кешеніне ТМД елдері мен Ресейдің өзге де аймақтарынан азық-түлік тауарлары тасымалданады. Аталған сауда орнында  салқындатқыш қоймалар мен демалыс кешендері, ресторандар мен 200 ауыр жүк көлігіне  арналған арнайы тұрақ жұмыс істейді.  Жылына мұнда 120 мың тоннаға жуық көкөніс пен жеміс-жидек саудаланады. Аталған кешеннің инвестициялық құны – 5,8 млрд теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу