banner

ОҚО әкімі ЭКСПО-2017 еріктілерімен кездесті

661

ОҚО әкімі ЭКСПО-2017 еріктілерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Астанада ұйымдастырылатын "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы ерікті жастармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Сейітжаппаровтың айтуынша, халықаралық шара басталғанға дейін еріктілердің сан түрлі білімін шыңдап, пысықтау жұмысы жүргізілмек.

Нақтырақ айтқанда, арнайы мамандар Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік саласы аясында бір ай бойы 80 сағат семинар-тренинг өткізеді. Оның нәтижесі бойынша облыстағы 6 аудан, қаладағы тарихи киелі жерлерге саяхат жасалып, ерікті жастарға арнайы логотипі бар бейсболка, футболка, мойынорағыш және сырт киімдер таратылады.

"Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы" АҚ 100 ерікті жасқа арнайы логотиппен бекітілген киім, жатын орын (3 мезгіл тамағы бар) және мобильді байланыс құралымен қоса, қала аумағындағы қоғамдық көліктерде және көрме өтетін павильондарда тегін кіру мен тегін жүру билеттерімен қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу