ОҚО әкімі емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін табыс етті

1066

 ОҚО әкімі емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін табыс етті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев медицина қызметкерлері күні кәсіптік мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының бірқатар ардагерін қабылдап, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапаттады.
Өңір басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында денсаулық сақтау саласында 54 жыл еңбек еткен 81 жастағы Тұрсынбек Оразалиев, дәрігер-диетолог, медицинада 45 жылдық еңбек өтілі бар Роза Қуандықова, педиатрияға 44 жылын арнаған Жұмабай Әденов пен науқастарды емдеуде жаңа техналогоияларды ендіруге атсалысқан Раушан Жылқышиева, зейнетке шықса да өңір медицинасын дамытуға әлі де атсалысып келе жатқан "Шымкент қаласы  және Онтүстік Қазақстан облысы интертич отбасылық-дәрігерлік амбулатория" жеке мекемесінің директоры Мария Әлжанова бар. 

Сондай-ақ, аймақ басшысы емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

"Адам жанының арашасы дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің облысымызда бұл  салаға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. Соның арқасында біздің медициналық мекемелеріміз ең озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, емдеудің тиімді тәсілдері қолданылып келеді.Облысымыздағы медициналық ұйымдардың санитарлық автопаркін жаңарту халыққа көрсетілетін медициналық көмекті уақытылы және сапалы қол жетімдігін арттырады деп сенемін",-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсету мақсатында барлық құралдармен қамтамасыз етілген. Яғни, медицина қызметкерлері бұл автокөліктер арқылы науқасқа кез келген жерде алғашқы көмек көрсетіп, емдеу жолдарын бастап кету мүмкіндігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу