ОҚО әкімі ғалымдармен кеңесті

811

ОҚО әкімі ғалымдармен кеңесті

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі бастаған ғалымдар тобымен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жиын барсында өңір басшысы ғалымдарды облыс аумағындағы маңызды тарихи нысандар туралы мағлұмат жинастырып, арнайы сериямен кітап шығаруға атсалысуға шақырды.

"Өздеріңіз білесіздер, оңтүстік өңірі тарихқа бай өлке. Әлі де зерттеуді қажет ететін дүниелер, зерттелгенінен көп. Сондықтан осыған мән беруіміз керек. Облыстағы барша тарихи және мәдени жерлердің тізімін жасап, олар туралы мәліметтерді жинақтап, кітаптар сериясын шығаруды жандандыру керек деп ойлаймын. Міне, осы істі қарқынмен атқаруға шақырамын", – деді Жансейіт Түймебаев.

Түріколог ғалымдармен кеңесу барысында өңірде ғалымдардың басын қосып, тізімге енбей, ескерусіз қалған тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жайы сөз болды.

Өз кезегінде Д.Қыдырәлі Төлеби ауданындағы Есімханның ордасы болған тарихи маңызы бар жерді мемлекеттік деңгейде қорғауға алып, археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Мұны қолдаған аймақ басшысы, ғалымдар тобын тартып, аталған нысанға зерттеу жұмыстарын жүргізуге бастамашы болатынын айтты.

Сондай-ақ, атақты түркологтардың басын қосатын кеңестің бірін Оңтүстікте ұйымдастыру мәселесі де қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу