Шымкенттің су жаңа әкіміне тапсырма берілді

1199

Шымкенттің су жаңа әкіміне тапсырма берілді

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шымкент қаласының әкімі болып  Нұрлан Сауранбаев тағайындалды.

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін айтқан аймақ басшысы қала әкіміне жаңа жұмысында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

"Сіз кәсіби деңгейі жоғары, мемлекеттік қызметтің түрлі саласынан өткен тәжірибелі мамансыз, сондықтан да  Нұрлан Ермекұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етіп отырған бірқатар мәселеге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын  қамтамасыз етуді, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруды, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвесторлар тартуды, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды, қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің инфрастртуктурасын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын",-деді облыс әкімі.

Н.Е.Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында "Еңбек" компаниясының бас директоры болып бастаған.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы  лауазымын атқарып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу